35 жасында ұстаздықты тастап, темірмен тіл табысқан дәнекерлеуші әйел

АТЫРАУ.KAZINFORM — «Өмір жолыңды басқа арнаға бұрып, нені қалайтыныңды түсініп, жаңа мамандықты игеру — ешқашан кеш емес». Бұл 35 жасында әке жолын жалғауға бел буып, қыз-келіншектерге таңсық жұмысты меңгерген Мейрамгүл Айдаралиеваның түйгені.