Конституция жобасындағы неке туралы норма әйелдердің тең құқығына кепілдік береді — депутат Үнзила Шапақ

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында неке ер мен әйелдің тең құқықты одағы ретінде бекітілген. Бұл норма әрбір жұбайдың құқықтарын қорғауға кепілдік беру үшін енгізілген. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Астанада өткен Silk Power 2026 алаңында мәлімдеді.