АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Мұңсыз Тілегенова 40 жылдан астам уақыттан бері қоғамдық көлік жүргізеді. Алғашында траллейбусты тізгіндеді, қазір автобус айдайды. Ол бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған, жауапқа тартылмаған. Kazinform тілшісі 15-16 сағат жұмыс істеп, екі күн демалатын қоғамдық көлік жүргізушісімен кездесіп келді.