Қазақстандық шабандоз қыздар қиын да қызықты спорт түрі туралы сыр шертті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда кәсіби ат спорты ХХ ғасырдың ортасынан бастап қарқын ала бастады. Алғашында бұл спорт түрінде ер азаматтар басым болғанымен, уақыт өте келе ат үстіндегі өнерге қызыққан қыз-келіншектердің қатары көбейе бастады. Бүгінде қазақстандық спортшы қыздар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, тек шеберлігімен ғана емес, табандылығы мен қайсар мінезімен де ерекшеленіп отыр. Олар отандық ат спортының дамуына елеулі үлес қосып келеді.