Артқы көрініс камерасындағы ақауға байланысты Ford шамамен 1,7 млн автокөлікті кері қайтарып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Ford Motor Company артқы көрініс камерасының бейнесін көрсетуге қатысты ақауларға байланысты шамамен 1,74 млн автокөлікті кері қайтару бойынша екі науқан басталғанын хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі Associated Press дерегіне сілтеме жасап.