Депутат: жаңа Конституция жобасының өзегі – адам және адам құқықтары

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Ата заң жобасы адам құқықтары жоғары деңгейде қорғалуына кепілдік береді. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңында мәлімдеді.