АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және төтенше көмек үйлестірушісі Том Флетчер Ормуз бұғазы арқылы гуманитарлық жүктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге шақырды. Ол бұл маңызды теңіз жолындағы үзілістер халықаралық гуманитарлық көмек операцияларын айтарлықтай қиындатуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Reuters агенттігі .