ШҚО-да радиациялық аймақ үшін үстемеақы төленбей келген: 317 көмекшінің жалақысы қайта есептелді

АСТАНА. KAZINFORM — Өскемен қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында I топтағы мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсететін жеке көмекшілердің еңбекақысын төлеу кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы мәлім етті.