АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны қарсаңында көлік инфрақұрылымына ерекше бақылау енгізілді. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың тапсырмасымен республикалық маңызы бар жолдар, теміржолдар мен әуежайлардың дайындығы күшейтілді. Қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су өткізгіш құбырлар мен көпірлер тазартылып, жолдарды қорғауға қажетті материалдар алдын ала дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.