Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.