Есту қабілеті төмен балаларға жаңа мүмкіндік: 298 бала оңалтудан өтті

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есту қабілеті төмен балаларды қолдау және әлеуметтендіру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. «ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМК базасында өткізілетін жеке есту-сөйлеуді бейімдеу курстарының арқасында жүздеген қазақстандық бала есту қабілетін қалпына келтіруге, ауызша сөйлеуді меңгеруге және қоғамға толыққанды кірігуге мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.