АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Қатысушылар арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ), сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға төлемдер тағайындау мәселелерін қарады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.