АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатуға жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері қаралды. Бүл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.