Қытай адамдар мен роботтардың жартылай марафонына дайындықты бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Бейжіңдегі Ичжуан экономикалық және технологиялық даму аймағында бірегей спорттық шараға дайындық ретінде автономды гуманоид роботтардың алғашқы сынақтары өтті. 2026 жылдың 19 сәуірінде мұнда адамдар мен адам тәріздес машиналардың қатысуымен бірлескен жартылай марафон өтеді, деп хабарлайды Global Times .