АСТАНА. KAZINFORM - Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның кең қолдауын растағанын атап өтті. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс режимі арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары да қатысты.