Прокуратураның араласуымен екібастұздық жұмысшыларға 20 миллион теңге жалақы қайтарылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС-ның қызметкерлері жалақы төленбеу дерегі бойынша Екібастұз қаласының прокуратурасына жүгінген. Жалпы саны 100 адамға еңбекақы уақытылы төленбей келген.