Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Астанада Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараны Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.