Қазақстандық қоғам белсендісі Оразалы Ержанов тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылғанын 16 наурыз кешке "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы, журналист Вадим Борейко хабарлады. Ержанов жұртқа Қазақстан Конституциясы жобасы бойынша референдумға "ақылды бойкот" жасау жөнінде бастама көтерген. Референдумға шығарылған құжатты сынға алған белсенді жобаға келіспейтін азаматтарды дауыс беруге қатысудан бас тартатыны жайлы Референдум жөніндегі орталық комиссияға өтініш жазып, оның тіркелгенін...