«Шаңырақ күні»: Отбасы – адам өміріндегі ең қастерлі мекен
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін – «Наурызнама» онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күні». Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген.