АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 9-отырысында ЕАЭО аясында жаңа салық нормаларын қолдануға және заңнамаға енгізілетін алдағы өзгерістерге қатысты кезекті мәселелер топтамасы қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.