АСТАНА. KAZINFORM — Жобалық кеңсенің отырысында резидент еместер үшін ҚҚС төлеу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру мерзімі бойынша Салық кодексінің жаңа нормасын қолдану мәселесі қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.