Жаңа Конституция – көне заманнан бері бабаларымызға бағдар болған дала заңдарының бүгінгі жалғасы - Президент
АСТАНА. KAZINFORM – Ақордада Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты жиыннан соң сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.