Қырғызстанда Ташиевтің ұлын полицияға шақырды

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің ұлы Тай-Мурас Ташиев полицияға шақырылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне дереккөздері хабарлады. ІІМ баспасөз хатшысы Султан Макилов бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады. Ол ақпарат кейін берілетінін айтты. 32 жастағы Тай-Мурас Ташиев – Қамшыбек Ташиевтің үлкен ұлы. "Томас и Ко" компаниясы директорының орынбасары. 2021 жылы Жалал-Абад қалалық кенешіне "Ата-Журт Кыргызстан"...