Хаменованың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды

"Пара алды" деп айыпталып, 7 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың түрме жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бұл туралы Атырау қаласындағы сотқа сілтеп, "Ақжайық" сайты хабарлады. Хаменоваға үкім 2022 жылы қарашада шығып, 7 жыл түрме жазасына кесілген. Бірақ кәмелетке толмаған екі баласы бары ескеріліп, жазасын 3 жылдан соң өтеуге міндеттелген. 10 наурызда үш жыл мерзімі аяқталған тұста сот оның жазасын бас бостандығын...