ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 1 349 шақырым. Көктемгі тасқын кезінде осы жолдардың су басуы мүмкін тұстары бар ма, бұл жөнінде Kazinform тілшісіне «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК БҚО филиалының бөлім басшысы Дәурен Әміров айтып берді.