АСТАНА. KAZINFORM – Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес әрбір атаулы күн ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталып отыр. Соның бірі – бүгінгі Ұлттық киім күні. Бұл күн қазақтың дәстүрлі киімін дәріптеп қана қоймай, оны заманауи өмірмен ұштастыру, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды тетігіне айналып келеді. Kazinform тілшісі ұлттық киімнің бүгінгі мәні мен оның сән индустриясындағы орнына талдау жасап көрді.