Ақмола облысында Атбасар түрмесінде ондаған тұтқынды ұрып-соғып, азаптады деп айыпталған 12 қызметкерді ақтау үкімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. “Облыстық сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданындағы ҚАЖК-нің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінің күші жойылып, іс сол сотқа, басқа құрамда жаңадан қарауға жолданды” деп жазылған сот...