Биыл 4,3 мың шақырым автожол күрделі жөндеуден өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде жол саласының көктемгі құрылыс маусымына дайындығына арналған кеңес өтті. Жиында жол құрылысы материалдарының қоры, жол бойындағы сервисті дамыту және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.