Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.