АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Конституция білім мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға кең мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер мектепке дейінгі білімнен бастап, орта мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру, қосымша білім беру және тәрбие жұмысы жүйелерін тұтастай алғанда, бүкіл білім кеңістігін қамтиды. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.