Жыл басынан бері 3 335 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Келген қандастардың жартысына жуығы – Қытайдан (47,8%), едәуір бөлігі – Өзбекстаннан (43,6%) келген. 2,7% – Түрікменстаннан, 2,2% – Монғолиядан, 2% – Ресейден және 1,7 –басқа елдерден келген. Қазақстанға келген қандастардың шамамен 58 пайызы – еңбекке қабілетті жаста. "Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,1%-ды, еңбекке...