АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық киім күніне орай Ұлттық музейде арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында өткен ғасырлардан сыр шертетін, ата-бабаларымыз киген шапандар, тондар мен бөріктер көпшілік назарына ұсынылды.