АСТАНА. KAZINFORM – Қостанай қаласында 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр. Ол оқиға болғаннан кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.