Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен екі балықшы құтқарылды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Балық аулаймыз деп оқыста жарылған мұздың астына кеткен екі қостанайлық азаматты жергілікті ТЖМ қызметкерлері аман-есен құтқарып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.