Си Цзиньпин Түрікменстаннан Қытайға газ жеткізу көлемін ұлғайтуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Түрікменстаннан Қытайға жеткізілетін газ көлемін ұлғайтуды ұсынды. Ол энергетика және шикізаттық емес секторлар бойынша ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.