Жаңару күні: Қазақстан цифрлық трансформацияның жаңа сатысына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін – Наурызнама аясындағы Жаңару күні. Биыл осынау айтулы күн цифрлық трансформация тақырыбына арналмақ. Басқаша айтсақ, елдің түпкір-түкпірінде цифрлық даму бағытындағы жаңашыл жобалар таныстырылып, инновациялық көрмелер ұйымдастырылады.