Бес өңірде жерасты суының жаңа көздерін анықтау бойынша барлау жұмыстары жүргізіледі

АСТАНА. KAZINFORM - Су ресурстары және ирригация министрлігі 2027 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу мен Ұлытау облыстарында жерасты суының жаңа көздерін анықтау бойынша кешенді іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.