Қазақстанның халықаралық авиациялық саясаттағы мүмкіндігі кеңейеді — заң

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.