18 наурызда Қарағанды – Балқаш тас жолында Chevrolet Cobalt көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен көлікте отырған екі жолаушы жол апатына ұшырап, оқиға орнында қаза болды. Бір адам ауруханаға жатқызылған. Оқиға Астана – Қарағанды – Алматы республикалық тас жолында Ақшатау ауылынан шамамен 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметке қарағанда, көлік бұрылыста жолдан шығып кетіп, аударылған. Желіде оқиға орнынан видео да жарияланды. Видео авторы жүргізуші рөлде қалғып кеткен болуы мүмкін...