Сенат Дүниежүзілік банк қаражатына қатысты құжатты мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Бір тараптан Қазақстан Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің Көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстанның орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.