Адвокат: Ермек Нарымбаевтың аштық жариялағанына екі аптадан асты

Адвокат Василий Садықов “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) үстінен қылмыстық іс қозғалған Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отырған белсенді Ермек Нарымбаев аштық жариялағанын хабарлады. "Ол өзін ұстау себебімен келіспейді. Былтыр оны 2023 жылғы Қонаев соты шығарған желіде қоғамдық-саяси тақырыпқа жазба жарияламау туралы сот қаулысын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан. Ол ешқандай ірі заңбұзушылық жасамағанын айтады. Ол аңғалдық жасап, өзінің көзқарасын жариялаған" деді...