Қызылорда облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында “сотталған азаматтардың жеке ісінен алынған басқа мәліметтер жариялауға жатпайды” деп, "журналист Думан Мұхаммедкәрімнің аштық жариялағаны рас па?" деген сұраққа нақты жауап бермеді. “Сіздің 16.03.2026 жылғы өтініш хатыңызға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған Мұхаммедкәрім Думан Алмасұлына қатысты төмендегідей мәліметтерді ұсынамын:...