АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Оқу-ағарту министрлігі барлық мектепке дейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында медиация жүйесін іске қосуда. Бұл бастама балалар, студенттер, педагогтар мен ата-аналар арасындағы түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа құрылым буллингтің алдын алуға бағытталады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.