Наурыз дәу болсын: Yandex Qazaqstan көктемдегі басты мерекенің мән-маңызын қалай жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM - Наурыз – жаңарудың, жақындармен қауышудың, кең дастарқан мен дарқан көңілдің мерекесі. Бұл – ұзақ жол жүріп үйге оралатын, төрге жайылған дастарқан дәмге толатын, емен-жарқын сезім толқыны әдеттегіден айрықша, мол сезілетін ерекше кезең.