Биыл Оразаның аяқталуы 20 наурызға дөп келді. Жұма күні таңертең Қазақстан мешіттерінде Айт намазы оқылды. Отыз күн ауыз бекіткен жамағат айт намаз оқылып болған соң бір-біріне "Ораза айт құтты болсын!" деп игі тілек айтып, мерекені тойлауға кірісті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады. “Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық...