«Балуан тас көтеру» ел жүгін арқалау идеясымен сабақтас - күш мәдениетін зерттеуші

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақтың ұлттық спорт түрлері мазмұны мен сипатына қарай бірнеше үлкен бағытқа бөлінеді. Атап айтқанда, ат спорты, ақыл-ой ойындары, күрес түрлері, жеңіл атлетика және күш өнері. Ал күш өнерінің өзі балуан тас көтеру, түйе көтеру, өгіз жығу секілді тармақтарға жіктеледі.