ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев екі айға қамалды

20 наурызда Алматының тергеу соты ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевты екі айға қамады. Бұл жөнінде адвокаты Рена Керимова Азаттыққа хабарлады. "Сот екі айға қамады, бірақ прокуратураға дереу медициналық көмек көрсету қажеттігін ескертті" деді адвокат. Осы аптада Әсет Матаевтың Алматыда төбелес кезінде соққыда жығылғаны хабарланған еді. Полицияның айтуынша, “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалып, төбелеске қатысушылар оның ішінде, Матаев та ұсталған. Адвокат бұған дейін оның басы жарылғанын, өзін...