Геосаяси тұрақсыздық күшейсе, ішкі туризмге сұраныс артады – депутат
АСТАНА. KAZINFORM – Жыл сайын қазақстандықтар шетелде демалуға 4 млрд доллар жұмсайды. Бұл қаражат өзгенің емес, өз еліміздің экономикасында қалуы тиіс еді. Әсіресе биыл геосаяси тұрақсыздық күшейіп, ішкі туризмге сұраныс артуы мүмкін.