АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада әлемнің әр түкпірінен хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан жайлы аз жазған жоқ. Жаңа Конституцияға арналған референдум қорытындысын жариялағандар көп болды. Бұдан басқа АҚШ пен Қазақстанның бірлескен вольфрам өндірісі, Ақтауда салынатын бу-газ қондырғысы және елдегі медициналық туризм туралы ақпарат бар. Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.