Павлодар облысының 20 мың оқушысы «Қара жорға» биледі

АСТАНА. KAZINFORM — Наурызнама онкүндігі аясында Павлодар облысында «Ынтымақ» күні аталып өтті. Өңірде 20 мың оқушы қатысқан ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.